"Әркім өзіне керегін табады": ForteBank отандық дизайнермен бірге қалдықсыз киімдер топтамасын ұсынды

Қазақстандағы ең негізгі сән алаңы – Kazakhstan Fashion Week ұсынған апталық оңтүстік мегаполис Алматыда өтті. Сән әлемінің серкелері осында бас қосып, көз сүйсіндірер ерекше топтамаларын көрерменге паш етеді. Ал сән сүйер қауым дизайнерлер ұсынған түрлі идеямен шабыттанып, әдеміліктен әсерленіп, жаңа маусымның трендтерін айшықтап, өз бағдарын айқындайды.

Қазақстан сән апталығы

7 және 8 маусымда Алматының Республика сарайы сән орталығына айналды. Қазақстан сән апталығының 30-маусымы сән әлемін білетіндер мен сүйетіндердің басын қосты. Шараның басты демеушілерінің бірі ForteBank болды.

KFW подиумында “ARUNAZ”, “LARIYA SCHOOL”, “YANG LAIN”, “SHAKERBAY” сияқты брендтер жүріп өтті. Айта кетерлігі, мұнда қазақстандық қана емес, шетелдік танымал сәнгерлер де бой көрсетті.

 
Апталықта топтамаларын таныстырған дизайнерлер арасында Аида Кауменова, Анар Мақсұт, Дильназ Исабекова, Гүлбахрам Сыздықова, Нұрдаулет Бекетаев, Адиля Ботабаева, Айжан Сейітқазы сияқты сәнгерлер болды. 

Қазақстан сән апталығы

Kazakhstan Fashion Week – жүздеген адамның идеясы мен еңбегін көрсететін шығармашылық алаң. Қазақстандық сән әлемі қарқынды дамып келе жатқанының куәсі. 

Топтамаларын көрермен назарына ұсынған отандық жас дизайнерлердің бірі – Адиля Ботабаева. Ол 16 жасынан бастап киім дизайнына қызығып, осы жолда өзін дамытып, шетелдік тәжірибе жинап, жаңашыл көзқарастарымен халықты тамсандырып жүрген шығармашыл мамандардың бірі. Сөзінше, ол сән әлеміне бала кезден құштар болған.

Дизайнер Адиля Ботабаева

Сәнгер London Fashion Week, Singapore Fashion Week, Kuala Lumpur Fashion Week сән апталығының қатысушысы. Малайзияның үздік 50 дизайнерінің тізіміне, онымен қоса, Adidas x Woolmark ұсынған инновациялық дизайнерлердің үздік ондығына кіреді.

“Өнер саласына қызығушылығым болды, икемім де бар еді. Өнер мектептерінің бірнешеуін тәмамдадым. Бос уақытымда сурет салумен айналысатынмын. Архитектор не суретші боламын деп жоспарладым. Алайда содан соң маған киім тігу ұнай бастады. Киім тігумен қоса суретшілікті де бірге алып жүретін мамандыққа назарым ауды. Яғни бұл –  fashion дизайнерлік. Ата-анам мені қолдады, шетелге оқуға жіберді. Сегіз жылда өзімді жетілдіріп, Малайзияда оқып келдім. Одан бөлек, Италияда магистратураны тәмамдадым. 

Қазақстанға оралған уақытым пандемиямен тұспа-тұс келді. Қазақстан сән апталығы жыл сайын ұйымдастыратын “New Generation Open Way 2020” байқауы туралы естіп, қатыспаққа бел будым. “Көрермен сүйіспеншілігі” марапатын ұтып алдым. Содан бастап Қазақстандағы мансабым басталды деуге болады”, – дейді сәнгер мансабы жайлы. 

Бұған дейін де Адиля әртүрлі халықаралық байқауларда жүлделі болған. Беделді Chanel, Furla, Julien McDonald және Toms сияқты брендермен жұмыс істеген. Ал Қазақстандағы ең бірінші марапаты – New Generation Open Way 2020 болды. 

Сән апталығының бірінші күнінде дизайнер “YANG LAIN” атты брендінің топтамасын ұсынды. Бұл – Қазақстандағы бірінші трансформер киімдердің бренді.

“Бұл бренд негізін 2018 жылы қаладым. Оның концепциясы бойынша сән индустриясының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды негізге алдық. Транформер киім үлгілері арқылы адамдар “саналы түрдегі сәннің” не екенін ұғынады әрі өз гардеробын “ластамауды” үйренеді. 

Дизайнер Адиля Ботабаеваның топтамасы

Бұл топтама еркіндікке жаны құштар панктерден әсерленіп жасалған. Олардың мәдениеті мен сән әлеміне тұтынушылық көз қараста қарамауы, өз-өзін көрсету арқылы әлемді жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысатыны ынталандырды”, – дейді сәнгер.

Апталықтың екінші күнінде Адиляның ForteBank-пен бірлескен жоба аясындағы топтамасы көрерменге жол тартты.

“Бұл топтама шыны керек өз брендімде жасайтын дүниеден бөлек, өзгеше. Яғни дизайны бойынша. Топтама банктің имиджін көрсетеді. Өте заманауи. Соған қарамастан, мұнда минимализм басым. Аталған топтамада әр адам өзіне қажетті әрі үйлесімді болатын киім үлгісін табады және өз стиліне сай бейімдей алады, себебі оларды жайлы, ыңғайлы етіп жасадық. Бірқатар киімдер әмбебап болып келеді. Яғни unisex, әйелдер де, ер адамдарда кие бере алады. 

Дизайнер Адиля Ботабаеваның топтамасы

Подиумде байқағандарыңыздай, ер мен әйелдің әрқайсысында ерекше көрінеді. Киім үлгілерінде осы маусымның ең сәнді түстері қолданылды. Сондай-ақ, онда ForteBank брендінің өзіне тән стиліне сай элементтер мен түстер легін көре аласыздар. Бұл менің алғашқы бірлескен жобам. Оны жасау үшін екі ай уақыт жұмсадым”, – дейді Адиля топтамасы туралы.

Дизайнер Адиля Ботабаеваның топтамасы

Әдетте бір топтама жасап шығуға Адиляның екі-үш аралығында уақыты кетеді екен.

“Әрбір жарты жыл сайын киім үлгілерін таныстырамыз. Одан көп уақыт бөле алмаймыз”, – дейді ол.

Айтуынша, көрермендер мен сән сүйер қауым топтаманы ізгі ниетпен, құшақ жая қарсы алған. 

“Әдетте, жастар тарапынан қолдау тауып жатсам, осы жолы үлкен кісілер қауымынан да жақсы пікірлер естіп жатырмын. Бұл топтамадан әркім өзіне жақын дүние тапқан сияқты. Көпшілігі қызығып, киімдерді қайдан алуға болатынын сұрастырып жатыр”, – дейді сәнгер.

Дизайнер Адиля Ботабаеваның топтамасы

Адиля брендті киімдерін онлайн дүкені арқылы сатылымға шығарған. 

“Жақын арада Алматыдағы шоу-румдардың біріне шығарамын деп жоспарлап отырмын”, – деп бөлісті ол жоспарымен.

Өз дизайнының ерекшелігін дизайнер трансформер киімдер, яғни әмбебаб киім үлгісін жасау деп біледі. Себебі Қазақстанда мұндай үлгідегі киімдерді ұсынатындар жоқтың қасы. Одан бөлек, экологияға деген немқұрайлы емес, керісінше жанашыр қарым-қатынас Адиля ұсынған киім үлгілерінде менмұндалап тұрады. 

“Трансформер киімдерден бөлек, Zero waste форматында дизайн үлгісін жасап шығарамын. Оның мәні қалдықсыз өнім жасауда. Өндірістен қалған маталарды кішкентай бөліктеріне дейін қолданамын. 

Әрине, қазіргі дизайнерлердің көбі киім үлгілерінің экологияға кері әсерін тигізбеуіне мән беретін болды. Zero waste форматында немесе қолданылған, ескі киімдерден не қайта өңделген материалдарды қолданып та жатады. Ал Қазақстанда трансформер киімдерді ұсынып жүргендер ішінен жалғыз дизайнермін деп айтсам артық етпес”, – деп түйіндеді сөзін Адиля Ботабаева.

Айта кетейік, Адиля Ботабаева ұсынған топтама Forte.kz платформасында және ForteShop қосымшасында сатылады.

“Біз жаңашыл индустрияны қолдауды құптаймыз, себебі оның болашағы алда. Бастысы, біздің дизайнерлердің әлемге айтар және көрсетері көп. Адиля Ботабаеваның концепциясы бізге өте ұнады. Онда тұтынуға саналы түрде қарау мәні жатыр, бұл – біздің қоғамға жетіспейтін нәрсе. Мұны банк өкілінен есту ерсі болатын шығар, бірақ біз адамдар тұтынуда шектен шықпау керек және ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануы керек дегенді қолдаймыз.

Бүгінде ресурстарға ұқыпты қарау өмір сүру сапасын жақсартып, айналамыздағы әлемді тұрақты ететінін бәрі түсінетін шығар. Сән әлеміндегі осы маңызды мәселені көтергені үшін Адиляға алғыс айтамыз, ол тамаша жан, ауқымды ойлайды, бізге әртүрлі салада осындай адамдар көптеп керек”, – деді ForteBank-тың маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста