Ақын зиратында мал жайылып жүр

Ақын зиратында мал жайылып жүр

Биыл қазақтың біртуар ақыны Сәбит Дөнентаевтың туғанына 115 жыл толады. 1933 жылы ұзаққа созылған науқастан көз жұмып, Семей топырағында жерленген қаламгердің зираты Шығыс елді мекенінен шыға берістегі ескі зираттардың ішінде. Плиталары ескіріп, сырланған жерлері сыр берген бейіт бүгінде апатты жағдайда тұр. Мазардың темір қоршаулары да қолды болыпты. Маңайының барлығын бос бөтелкелер мен күл-қоқыс жайлаған зиратты көргенде, жүрегі елім деп соғатын әр азаматтың көзіне жас келіп, көңіліне қаяю түсері анық.
Тіпті моланың дәл ортасынан тұрғындардың ұзын төте жол салып алғанына не дерсіз!? Жайы келсе, кейбірі төрт түлігіне жайылымды да осы мазар ішінен тауып жатады. Өлкетану мұражайының қызметкерлері: «Ақынның зиратын қадағалау кеңес заманы кезінде «Рембыттехника» ЖШС-іне тапсырылған. Содан бері сол мекеме жыл сайын сенбілік өткізіп, жөндеу жұмыстарын жасайтын. Аталған мекеме басшысы Күлбарам Құдайбергенова болса: «Біз биылғы жылға дейін көктем бастала бере жұмысшыларды жалдап, зиратты қалыпқа келтіретінбіз. Тіпті күні бүгінге дейін бояулар мен әк үшін жауапты орындардан бір тиын ақша да сұраған жоқпыз. Маңайды тазалауға жалдап әкелген жұмысшыларға да ақыны өзіміз төлеп отырдық.
Сөйтіп жүргенде 20 жылдан астам уа­қыт зыр етіп өтіп кетіпті. Бір қызығы, соңғы бес-алты жыл ішінде ақынның басына тәу етіп жан баласы келген жоқ. Тіпті билік өкілдері бейіттің қандай жағдайда тұр­ғанын сұрап, қадағалаған емес. Қазір барып қарасаңыз, ақынға орнатылған ес­керт­кіштің маңы ластанып кеткен. Осын­дай көрініске қарап жүрегің сыз­дайды» – дейді. Ал биыл қаламгердің бейі­ті тіптен жетімсіреп, құлазып тұр. «Рем­быттехника» ЖШС директоры: «Әлемдік қаржы дағда­рысы біздің меке­меге де әсер етпей қой­ма­ды, сондықтан Сәбит Дөнентаевтың зи­ра­тына биыл жөн­деу жұмыстарын жүр­­­гі­зуіміз екіталай» дегенді айтады. Ал  «Алтай» газетінің бас редакторы Рахат Алтай болса: «Еліміздің біртуар азама­ты­ның зираты осылай қа­рау­сыз жатқаны көңілге кірбің түсіреді. Менің ойымша, бейітті қала орталығына қарай әкеліп, қайта орналастырса. Сонда шаһарымыз­да­ғы тұрғындар мен  қыдырып келген меймандардың көзіне ескерткіш оттай басылар еді. Бұған қарап өскен ұрпақ өткеніне құрметпен қарары анық. Сәкең­нің аруағына тағзым етушілер катары кө­бейер еді», – деді. Бірақ  қала­дағы Әнет-баба атындағы қос мұнаралы Орталық мешіттің имамдары «Зиратты бір орыннан екінші бір жерге көшіру шариғатта дұрыс емес. Ол кісі сол жам­басы тиген жерде жатуы керек. Ал халық білу үшін  ақын зиратының Татар ауданына жақын жердегі ескі зират арасында екенін жазып, халық­қа мағлұмат ету керек» деп санайды. Алай­да семейліктердің ішінде ақынның зи­раты түгіл, Сәбит Дөнентаевтың кім екенін де білмейтіндер бар болып шық­ты. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», демекші, өткен тарихты білмей жатып, бо­лашаққа қол созу мүмкін емесін кей­біріміз әлі де түсіне қоймағандаймыз. Қаламгердің 115 жылдық мерейтойы қарсаңында билік тізгінінде отыр­ған­дардың бұл жайт­ты ескерусіз қал­дыр­ғандары  – ақылға сыймайтын жағдай. Әй­теуір қалай болған күнде де, «Өлі разы болмай, тірі байымай­ды» дегенді  ұмыт­пасақ  жарар еді...

Осы материал дайындалып жатқанда «Үмітсіз шайтан» дегендей, «Рембыттехника» ЖШС-не тағы бір хабарласып, биыл тым құрығанда сенбілік өткізуге мүмкіндік бар ма екенін сұрап білген едік. Мекеме басшысы Күлбарам Құдайбергенова: «Өкінішке қарай, биыл дағдарыс қолбайлау болып, Сәбит Дөнентаевтың ескерткіші маңына тазалық жұмыстарын жүргізуге еш мүмкіндігіміз жоқ» деп  тоқетерін бір-ақ айтты. Ол осыған қоса, мерейтойы қарсаңында билік өкілдерінің сілкініс танытып, бірде-бір рет қоңырау шалмағанына таң-тамаша екенін жасырмады.  Сонымен, Абайша айтсақ, «Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп» тұрған Сәбит ағамыздың аруағына жанашыр жандар табылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста