Ақтөбеліктер су орнына мұнай ішіп жүрмесін

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ақтөбе облысындағы үлкен әрі бірегей таза ауызсу қоры ластанудың алдында тұр. «Көкжиде» құм қойнауында бұрғылау жұмыстарын тоқтатуға ықпал ету жөніндегі көптеген арыз-шағымдардың түсуіне қарамастан, оң нәтиже шықпай келеді. Өз кезегінде болашақта облыс аумағында ауызсу тапшылығы сезілуі мүмкін.

Материалдық игілік үшін мұнай өндіру керек те шығар. Бірақ Ақтөбеге мөлдір тұнық ауызсу одан да қажеттірек қой. Бір емес, бес Ақтөбені ауызсумен қамтамасыз ете алатын «Көкжиде» құм қойнауын «емуде» мұнай алпауыттары бүгін алдарына жан салар емес.

Санаулы күндер бұрын Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Марал Итеғұлов қазірдің өзінде жақын маңдағы ауылдардың құдықтарынан су ішу мүмкін болмай отырғанын мәлімдеген болатын. Өйткені халық қалаулысының айтуынша, онда зиянды мұнай өнімдерінің қоспалары бар. Депутат осылай дабыл қағып, «бүкіл Батыс Қазақстандағы теңдессіз су қойнауы жойылып барады», – деген-ді...

Халық қалаулыларының пікірінше, аталған кен орнында таза ауызсудың үлкен қоры бар. Ал ол жерді ластамай мұнай айдау мүмкін емес.

Ақтөбе табиғат қорғау прокуратурасының ұсынған деректеріне сүйенсек, аталған кен орнында мұнай өндіру жұмыстарына тыйым салатын құжат керек. «Нақты шекара сызықтары көрсетілмегендіктен, жер қойнауын игерушілерді жауапқа тарта алмаймыз», — дейді қадағалау органының өкілдері.

Сайлау ДӘУЛЕТОВ, Ақтөбе табиғат қорғау прокурорының көмекшісі:
– Мұғалжар ауданына қарасты құм массивіндегі «Көкжиде» жерасты су кені Батыс Қазақстан бойынша ірі ауызсу қоры болып саналады. Геологиялық жағдайларға байланысты ашық, қорғалмаған, ластануға бейім «Көкжиде» жерасты су кен орны өткен жылы Үкіметтің № 657 қаулысымен республикалық және халықаралық маңызға ие ерекше қорғалатын құндылықтар қатарына енгізілген болатын. Ақтөбе облыстық халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті де сонау кеңестік кезде-ақ «Көкжиде» массивінде мұнай-барлау жұмыстарын жүргізуге тыйым салған екен. Алайда аталған кен орнында бес жылдан бері мұнай айдау жұмыстары дамылсыз жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда ерекше қорғалуы тиіс кен орнында ККМ Operating Company және «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниялары жұмыс істеп жатыр. «Көкжиде» құмдарындағы жерасты су қоры (бір су іркуіш құрылғысы бойынша) тәулігіне 196,5 мың текше метрді құрайды. Жалпы, массив бойынша су қоры тәулігіне 750 мың текше метрге дейін барады.

Республикалық маңызы бар объектіге жататын «Көкжиде» қойнауының шекаралары заңды түрде бекітілмегендіктен, онда шаруашылық субъектілер мұнай-газ өндіріп жатыр. Ал онда үлкен көлемде жерасты суы бар. «Қандай да бір барлау, бұрғылау жұмыстары жерасты суын бүлдірмей қоймайды, – дейді прокурорлар, – сондықтан ондағы жұмыстарды үкіметтік деңгейде қарастырып барып тоқтату керек».

Бұл арада прокурорлардың мұнайшылармен күресте дәрменсіздігі аңғарылады. Заңдағы олқылықтар кен орнын қорғай алмай отыр. Өз кезегінде сонау 90 жылғы облыстық атқару комитетінің құжатына сілтеме жасаған прокурорлар аталған құжатта кен орнының шекарасы айқын көрсетілген дегенді айтады.

Прокуратура өкілі «Көкжиде» құм қойнауында мұнай игеру жұмыстарының заңсыз екенін алға тартады. Ол жер үкіметтік деңгейде айрықша қорғалатын аймақтар тізіміне енгізілген.

«Көкжиде» құм массивіндегі жерасты сулары санаулы жылдар бұрын ерекше тізімге ілігіп, оған республикалық, тіпті халықаралық мәртебе де берілген-ді. Сөйтіп, ол ерекше қорғауға алынды. Алайда ол жерде бірнеше жылдан мұнайшылар дамылсыз бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Айталық, ККМ Operating Company ЖШС-да бүгінде 30 скважина жұмыс істеп жатыр екен. Ал «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының осы «Көкжиде» кен орнында бір сору және төрт бұрғылау скважинасы бар. Сондай-ақ эколог маманның мәлімдеуінше, «Қазақойл-Ақтөбе» мекемесі де «Көкжиде» жерасты су кені орын тепкен құм массивімен шектес жерде мұнай, газ өндіру жөнінде келісімшартқа қол жеткізіпті.

Қазіргі уақытта алғашқы сынама бұрғылау жұмыстары қолға алынып жатса керек. Шара қолдану жөнінде аймақтағы табиғат қорғаушылары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және қойнауды пайдалану комитетіне хат та жолдаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста