Ақтөбелік әйел несиенің кесірінен жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Ақтөбелік әйел несиенің кесірінен жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Ақтөбенің 70 жастағы тұрғыны массажер үшін миллиондаған несие алғандықтан, жүрек талмасына шалдықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Егде жастағы әйел жүрек талмасына ұшырады, ал күйеуі қазір қажетсіз затты қайтарып, банктік несиесін жоюға тырысуда. 

Креслоға салып, массаж жасайтын аппарат құны миллион теңгені құрайды. Омыртқа аралық жарығы бар Николай Ивановичті сатушылар аппарат арқадағы ауырсыну толық емделеді деп сендірді. Олар сондай-ақ жастық, көрпе және ауа озонаторын сыйға тартқан. Бірақ үйге оралғанда, егде жастағы ерлі-зайыптылар алданғанын түсінді.

"Міне, осы жерге қол қойыңыз" деп тауарды ұсынды. Ештеңеге күдіктенбей, аурухана, пошталарға қол қоятындай, қойып шықтым. Оқымадым. Мен оларға 200 мың қолма-қол ақша төледім де, қалған 300 мыңды ай сайын 30 мыңнан төлеймін деп келістім. Бірақ атыма несие рәсімдепті” – деді маркетинг құрбаны Николай Калиниченко. 

Мұндай хабарды естіген жұбайы ауырып, жүрек талмасына ұшырады. Оны жедел жәрдем алып кетті. Ал Николай Иванович тауарларды қайтаруға шешім қабылдады.Өйткені тұтынушының 14 күннің ішінде тауарды қайтару құқығы бар.

Осындай шағыммен егде жастағы12 ақтөбелік тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді

“Мұнда тұтынушыны алдау фактісі орын алды. Осындай жағдаймен тағы бір зейнеткерден өтініш келіп түсті, ол гипнозға ұшырағанын айтады. Оның ұялы телефонын менеджер соңына дейін жібермей, қолында ұстағанын айтады” – дейді Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев.

Құқық қорғаушылар ешбір жағдайда бөгде адамдарға телефонын бермеуге және құжаттарды оқып шықпай, қол қоймауға кеңес береді. Бұл, әсіресе, зейнеткерлер үшін маңызды, өйткені олар басқалардың ықпалына көбірек ұшырайды.

Заң кеңесшілері палатасының мүшесі Алена Дуланың айтуынша, сатып алушы тауарды сатып алу кезінде алданғаны негізінде осы шартты бұзу туралы не оны жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгіне алады

“Адамдарға массажер сататын фирма Алматыда орналасқан, бірақ бүкіл ел бойынша сатылым жасайды. Полиция қызметкерлері компанияның жұмысында алаяқтық әрекеттерді анықтай алмайды, өйткені зейнеткерлер өз еркімен келісіп, тиісті құжаттарға қол қойды” – деді зеңгер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста