24 сәуір күні Ақтөбеде "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан екі әйелдің секіргені белгілі болды. Олар тұрғын үй кешенінің жанында тұрақта тұрған Lexus көлігіне құлаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Lexus иелері – қайғылы оқиға болған үйде тұратын жас отбасы.
"Бұл үйге бір ай бұрын көшіп келдік. Сол түні біз үйде болмадық. Бұл туралы таңертең ғана білдік, тұрғын үй кооперативінен хабарласты. Көліктің алдңғы бетіне құлаған, онда әйнек жоқ, көлік шатырмен жабылды. Жұбайыма ол жаққа қарамасын дедім. Полиция келіп, бәрін тексерді. Біз тек екі әйелдің көлігімізге құлағанын білеміз", – деді көлік иесі Мақсат.
Әйелдердің қай қабаттан құлағаны әлі белгісіз. Біреулер 12-қабат, басқалары 19-қабат деп болжауда.
Атап өтілгендей, "Ақтөбе ажары" – қаладағы суицидтер ең көп болатын жер.
"2021 жылдың қазан айында 13 жасар қыз 20-қабатындағы терезеден секірді. Өткен жылдың ақпан айында 1995 жылғы ер адам өзіне қол салып, секіріп кетті. 2014 жылы кісі өлтірді деп айыпталған күдікті 21-қабаттың терезесінен құлаған. 2020 жылдың қараша айында 17 жасар қыз және оның досы 25-қабаттағы кіреберістің балконынан секірді. Осы биіктіктердегі пәтерлердің бір бөлігі жалға беріледі. Кіреберістердегі балкондарды ашып-жабу оңай", – делінген хабарламада.
Көптеген тұрғындар өзіне қол салу жағдайларын болдырмау үшін осы балкондарды жабу немесе торларды орнату керек деп санайды.
Бұған дейін Ақтөбеде түнде 31 және 56 жастағы әйелдер терезеден құлап, мерт болғандары хабарланды.