Ақтөбеде әйел есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ақтөбе тұрғыны есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әйелден бір келіден аса есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
8 маусымда саяжай кооперативтерінің бірінде 29 жастағы әйел ұсталды. Жеке тінту кезінде одан салмағы 0,75 грамм зат салынған бума табылды. Оның тұрғылықты жерінен есірткі заты салынған 10 пакет пен электрон таразы тәркіленді.
Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдері әйелдің төрт жерден белгі қойғанын хабарлады. Тексеру кезінде ұнтақ секілді заты бар тағы 70 бума табылды. Тәркіленген психотроп заттардың жалпы салмағы бір келіден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу