Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа фермаcы ісі бойынша сот үкімі шықты

Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа фермасы ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы экономикалық сотының судьясы "Париж коммунасы XXI" шошқа фермасы иелеріне қатысты азаматтық талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады және оларды табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзғаны үшін бірнеше миллиард доллар айыппұл төлеуге міндеттеді.

 
Сот шағымды қарау кезінде Бестамақ кенті тұрғындарының "Париж коммунасы XXI" кәсіпорнының экологиялық нормаларды бұзғаны туралы бірнеше рет шағымданғаннан кейін шошқа фермасына жүргізілген жоспардан тыс тексерістің нәтижелерін басшылыққа алды.

Осылайша, сот отырысында шошқа фермасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қолданыстағы талаптарды елемей, сою цехының қалдықтарын, құрылыс, тұрмыстық қалдықтар мен көңді алып тастамағаны, керісінше оларды араластырып, кәсіпорын аумағындағы буферлік аймаққа көмгені дәлелденді.Осылайша, қоршаған ортаға 63 млн 85 мың теңге көлемінде залал келтірдң. Сондай-ақ, кәсіпорын әкімшілігі жануарлардың көңін сақтау ережелерін бұзған.

Бұдан басқа, 2018-2019 жылдары шошқа фермасы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз жұмыс істеп, 79 миллион 383 мың теңге көлемінде зиян келтіргені анықталды.

"Бестамақ мал шаруашылығы кешені 40 мың басқа есептелген. Бұл ретте мал басының нақты саны жануарларды ұстаудың мәлімделген көлемінен 11 мың басқа артық. Бұл жобада рұқсат етілген шығарындылардың артық мөлшерін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің де асып кеткенін білдіреді. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың артық шығарындылары үшін келтірілген залал мөлшері 50 млн 82 мың 623 теңгені құрады", - делінген Ақтөбе облысының экономикалық сотының хабарламасында.

Сонымен қатар, қоршаған ортаға ағынды суларды ағызу кезінде бұзушылықтар анықталды. Тек 2018 және 2019 жылдары олардың көлемі тиісті рұқсатсыз 420 мың текше метрден асқан. Бұл ретте өндірістік сарқынды сулар жинағыш тоғанға жобада көзделгендей кәріз құбырлары арқылы емес, жергілікті жердің ашық учаскелері арқылы ағызылды. Сондай-ақ, ағынды ссуларды тазартуды жақсартуға арналған арнайы жабдықтардың болмағаны да анықталған. Шошқа фермасы әкімшілігінің бұл әрекеттерінен келтірілген шығын 2,5 миллиард теңгеден асты.

Тағы бір бұзушылық - шошқа фермасының иелері кәсіпорын аумағында егіндікті суару үшін тазартылмаған өндірістік ағынды суларды пайдаланды, бұл 26 мың шаршы метр жер учаскесін ластады.

"Жүргізілген есепке сәйкес, келтірілген шығын көлемі 4 334 275 231 теңгені құрады", - делінген сот хабарламасында.

Осылайша, сот жауапкердің экологиялық заңнама талаптарын бұзғанын анықтады. "Парижская коммуна XXI" ЖШС келтірген экономикалық залалдың жалпы сомасы 7 027 459 824 теңгені (шамамен 16 миллион 343 мың доллар) құрады. Сондай-ақ, жауапкер 210 823 795 теңге (шамамен 490 мың доллар) мемлекеттік баж төлеуі тиіс.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, желіде Алға ауданының Бестамақ ауылында болған оқиғаның видеосы тараған. Кадрларда тұрғындар жергілікті шошқа кешенінің қалдықтары өзендерге төгіліп жатқанын айтты. Бұл жағдайға Ақтөбе облысы әкімдігі түсініктеме берді.

Кейін жергілікті тұрғындар шағымынан кейін шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынып, оны жабу туралы шешім қабылданып, қожалық иесі Гайк Тертерян үйқамаққа алынды.

Гайк Тертерян экологтар салған 7 млрд теңге айыппұлмен келіспейді. Ол қожалық жабылса "ҚазАгроҚаржы" компаниясынан алынған миллиардтаған қаражатты қайтара алмайтынын айтты.

Ал таяуда дауға айналған шошқа фермасының жұмыссыз қалған жұмысшылары бас көтерді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста