Ақтөбе облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлім белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.