Ақтөбе облысында Болгарка ауылы газдандырылды

"ҚазТрансГаз" АҚ Алға ауданының Болгарка және Сарықобда ауылдарында жеткізуші және көше аралық газ құбырларының құрылысын аяқтап, мыңнан астам жергілікті тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етті. Осылайша ұлттық газ операторының 2015-2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысын газдандыруды жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы толығымен жүзеге асырылды. Бағдарламаға бөлінген қаржы 21,8 млрд теңгені құрайды.


Ақтөбе өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Әсет Абиляшевтың айтуынша, Болгарка ауылында 3 газ реттегіш шкафтық пункт, 29 км астам жеткізуші газ құбыры және көшеаралық газ тарату желілері салынды. Тапсырылған нысандар 100-ден астам жеке үй мен 5 коммуналдық-тұрмыстық нысанды газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауылда 500-ге жуық адам тұрады.

Болгарка ауылының тұрғыны Сәния Разакованың қуанышы ерекше: «Осы жаққа келін болып түскеніме 40 жыл. Содан бері от жағып келемін. Шәйнегімізді ошақ үстіне қайнатамыз. Бұрын отынға қыруар ақша шығарып, көмірмен кіріп, күлмен шығатын едік. Міне, қазір жақсы болды. Үйіміз жылы».

Ауыл тұрғындарын осы қуанышты оқиғамен құттықтай келе, газ мамандары тұрғындарға газды қауіпсіз пайдалану ережелері жазылған жадынамалар таратты.


- Газ келсе, үйге жаз келеді. Бірақ, тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтауды назардан шығармау керек. Жазатайым оқиғаларды талдау барысында олардың барлығы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және газ аспаптарын пайдалану ережелеріне немқұрайлы қараудан туындайтынын анықтадық. Яғни, оқыс оқиғалардың басым бөлігіне адамдың жауапсыздығы себеп. Газ толық жанып кетпегендіктен тұншықтырғыш газ пайда болады, ол адам үшін өте қауіпті екені белгілі. Себебі бұл газдың иісі де, түсі де, дәмі де жоқ, тітіркендірмейді және ауамен оңай араласады, сондай-ақ үй ішіне кедергісіз таралады. Сондықтан абай болыңыздар! - дейді А.Абиляшев.


Сондай-ақ, Сарықобда ауылында 2 газ реттегіш шкафтық пункт, 26 км астамжеткізуші газ құбыры және көшеаралық газ тарату желілері салынды. 100-ден астам жеке үй мен 3 коммуналдық-тұрмыстық нысан табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.


Қазіргі уақытта Ақтөбе облысын газдандыру деңгейі 90% асады. 2015 жылмен салыстырғанда өсім 30% құрады. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы инвестициялық жобаны іске асыру аясында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ өңірдің барлық аудан орталықтарын газдандырды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста