Ақтаудағы әуежайда қол жүгімен қару-жарақ оқтарын заңсыз тасымалдаған ер адамның ісі қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот Ақтау тұрғыны Шымкент қаласының әуежай ғимаратында тексеруден өту кезінде ол 16 калибрлі 2 оқты заңсыз тасымалдағанын және қол жүгінде сақтағанын анықтады. Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындылары бойынша зерттеуге ұсынылған 2 оқ тегіс ұңғылы атыс қаруынан атуға жарамды.
Сот қаулысымен М ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 69000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.