Ақтаудағы "Солдатский" жағажайында қыз бен жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды өңірлік "Лада" газеті.
Куәгерлердің айтуынша, демалушылар кешкі сағат ондарда судан жағаға екі адамның денесін алып шыққан.
Оқиға орнына келген дәрігерлердің айтуынша, жігіттің жасы 20-да, ал қыз 17-де екен.
Сондай-ақ, жастардың теңізге шомылу үшін Қызылтөбе ауылынан келгені анықталды.