Ақтау қаласының тұрғыны полицияға баласына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деп шағымданды. Аталған істің мән-жайы анықталу үстінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласы Полиция басқармасына өзінің жасөспірім баласына қатысты сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен 35 жастағы азаматша жазбаша арыз түсірді.
«Бұл дерек ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.