"Ақшаға жасап береміз": Қостанайда қылмыстық топ жүргізуші куәлігін алушыларды емтихансыз өткізіп отырған

Қостанай облысының полициясы жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдаумен айналысатын қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші куәлігін алушылардан емтихан қабылдау қызметін тендерден жеңіп алған ЖШС өкілдері куәлікті емтихан нәтижесіне емес "сыйақыға" беріп отырған. Ол үшін арнайы жоспар құрылған. Жоспар бойынша куәлік алушылар емтиханға мүлдем келмейтін болған.

Қылмыстық топ мүшелерін ұстауға облыстың жолдарындағы апатты жағдайларға жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесі негіз болған.

Мәселен, жыл басында Рудный қаласында Chevrolet Cobalt автокөлігінің 9 жастағы жүргізушісі Audi автокөлігімен соқтығысты. Тексеру кезінде жүргізушінің тәжірибесі 1 айдан да аспайтын болып шықты. Салдарынан Audi жолаушысы ауыр дене жарақатын алды. Ықтимал сыбайлас жемқорлық схемасын анықтау бойынша арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылданды.

“12 сәуір күні Қостанайда осы қылмыстық әрекетке қатысты күдікті бес адам ұсталды. Емтихан алушылар ақылы түрде жүргізуші куәлігін беріп отырған, тест тапсырушы болса, емтиханды 40 минутта емес, 5 минутта тапсыратын болған. Көбісі мемлекеттік тілді білмесе де, тестті сол тілде тапсырған. Қазіргі уақытта қажетті алғашқы тергеу әрекеттері, соның ішінде дәлелдерді бекітуге бағытталған санкцияланған іздеулер жүргізіліп жатыр. Банк карталары, 1 млн теңгеден астам қолма-қол ақша, компьютерлік техника, флеш-карталар, телефондар мен құжаттар тәркіленді. Сондай-ақ тінту барысында күдіктілердің бірінен 12 калибрлі патрондар мен тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді”, – деді Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Арнайы операция облыстық прокуратураның қадағалауымен жүргізілді. Іс-шара барысында осылайша мыңнан астам адам емтихан тапсырғаны анықталды. Полиция қылмыстық топтың барлық мүшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста