Ақорда тауар белгісіне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ҚР Президентінің Ақорда резиденциясы және Үкімет Үйі әкімшілік ғимараты бейнеленген тоғыз тауар белгісі мен ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты бейнеленген алты тауар белгісін тіркеді", - деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.
ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті тауарлардың халықаралық жіктелуінің барлық 45 класы бойынша тіркеу куәлігін 2023 жылға дейінгі мерзімге берді.
"Сөйтіп, ҚР Президентінің Іс басқармасы тауар белгісі иесі ретінде тауарлар мен қызмет түрлерінің 1957 жылдың 15 маусымында Ниццк Келісімімен бекітілген халықаралық жіктелуінде қарастырылған барлық класс бойынша өзіне тиесілі тауар белгілерін қолдану мен жаратуға оңаша құқық алды. Аталған тауар белгілерін тиісті келісімсіз қолданған басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.