Осындай диагнозбен Аршалы аудандық ауруханасына үш жасар бала түскен. Баланың аузынан термометрді жұлып алған анасы баланы аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіпті.
Аурухана дәрігерлер баланың асқазанын толықтай тазалап, жуып шыққан. Алайда баладан сынап жұтқаны туралы белгілер байқалмаған.
Бибігүл Иманқұлова, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
Сәбидің денсаулығы қазір қалыпты жағдайда. Дәрігерлер баланы толықтай тексеріп, ешқандай сынап бөлшегін таппады.
Қазір бүлдіршіннің көңіл күйі жақсы. Өз үйінде асыр салып ойнап жүр, - дейді дәрігерлер.
Абзал Алпысбайұлы
Ақмолада үш жасар бала сынап жұтып қойған
Последние статьи автора