Ақмолада пластикалық бөтелке қабылдайтын алғашқы фандомат пайда болды

Ақмолада пластикалық бөтелке қабылдайтын алғашқы фандомат пайда болды

Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылында пластикалық және алюминий бөтелкелерді өңдеуге қабылдайтын алғашқы автомат - фандомат пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Пластикалық және алюминий бөтелкелерді өңдеуге қабылдайтын алғашқы автомат Аршалы ауданы Жібек Жолы кентінің «Алан» сауда үйіне орнатылды. Бұл туралы Жібек Жолы ауылдық округінің әкімдігі өзінің Instagram парақшасында жаңалықпен бөлісті.

 

Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі Қанат Қанафиннің айтуынша, жергілікті тұрғындар жаңалықты жоғары бағалады.

 

«Бұл облыс пен жалпы ел үшін орасан зор жоба деп санаймын. Әрине, қоқыс тастаудан, пластик пен алюминий ыдыстарды тапсырудан және ол үшін ақша алудан гөрі жақсы. Бұл экология үшін үлкен маңызға ие. Енді жобаға дәмхана, мейрамхана, дүкендерді де қосқымыз келеді, олар да мерекеден кейін ыдыс жинап, қоқысты тастамайды», - деп бөлісті Қанат Қанафин.

 

Экологиялық жобаны экоактивист Шасалим Шагалимов әзірледі.

 

«Бұл - Ақмола облысындағы алғашқы фандомат. Осындай үш автомат қазірдің өзінде Нұр-Сұлтанда орнатылған. Мен экологиялық іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен жеті жыл бойы айналысып келемін. Неліктен Аршалы ауданы таңдалды? Мәселе мынада, Жібек Жолы, Қоянды, Қосшы, Талапкер, Ильинка сияқты Нұр-Сұлтан қаласының серіктес кенттерінде қоқыс полигоны жоқ, тиісінше апатты қоқыс үйінділері көбеюде. Сондықтан сынақ нұсқасын Жібек Жолы кентіне қоюды жөн көрдік. Сонымен қатар, серіктес ауылдарда адамдар автобустарды жиі пайдаланады, сондықтан адамдар тараны тапсырып, қалаға тегін жетуі үшін фандомат сол жерге барады»,-дейді Шасалим Шагалимов.

 

Бір пластик бөтелке бес теңгеге, ал алюминий құты екі теңгеге бағаланады. Бұл ақшаны көлік картаңызға аударуға немесе қайырымдылыққа қалдыруға болады.

 

Экоактивистің айтуынша, болашақта олар өз жобаларын одан әрі дамытуға ниетті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста