Степногорск қаласында ер адам анасының гаражынан 18 қап картоп ұрлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлердің мәліметінше, 8 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына 30 жастағы әйел арызданып, анасының гаражынан 18 қап картоп ұрланғанын айтты.
"Шұғыл іздестіру шаралары барысында тергеушілер 35 жастағы қала тұрғынан анықтады. Ол арыз түсірген келіншектің ағасы болып шықты. Бұған дейін ұрлық үшін жауапқа тартылған", - дейді полицейлер.
Күдікті анасының гаражында жатқан картопты таксимен алып шыққан. Кейін кәсіпкер әйелге сатып жіберді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр.