Ақмола облысында жоғалған бала табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lider.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Еріктілер бүлдіршіннің жақындарына көңіл айтты.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғыны төрт жасар ұлын жоғалтып алғанын айтқан. Ата-анасының айтуынша, сағат 17:30 шамасында бала аулаға серуендеуге шыққан, содан бері табылмаған.
Полиция қызметкерлері дереу іздеу шараларын ұйымдастырды, нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды.
Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.