Ақмола облысында науқасты апара жатқан "жедел жәрдем" көлігіне оқ атылды

Куәгерлер Щучинск қаласында жедел медициналық көмек машинасына оқ атылғанын хабарлады.

"Жедел жәрдем" көлігінде түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды.

"Шоссейная көшесімен жүріп келе жатқанбыз. Оқ атылды. Көлік ешқайда барып соқтығысқан жоқ. Машинаның ішінде науқас болды. Оны "Авиценна-Бурабайға" (медицина орталығы) апара жатқанбыз", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан агенттігіне оқ атылғанын жоққа шығармайтындарын мәлімдеді.

"Бурабай ауданында 11 сәуірде сағат 22.10 шамасында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды. Көлікке оқ атылғанын жоққа шығармаймыз. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Құқық қорғау органдары қазір тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Sputnik Қазақстан Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне түсініктеме беруін сұрап сауал жолдады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста