Көкшетауда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған "Мемлекеттік тіл және БАҚ" облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биыл шығармашылық байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен 19 баспа және телеарна журналистері қатысты.
Іс-шараны ашқан ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова жыл сайынғы конкурстың өткізілуі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контентті ұлғайту жөніндегі саясатты ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
"Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауы - қазақстандықтардың тіл мәдениетін тәрбиелеуге және мемлекеттік тілді танымал етуге өз үлесін қосатын журналистерді анықтаудың тамаша мүмкіндігі", - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.
Қазылар алқасы құрамына журналистика ардагерлері кірді. Жеңімпаздарды үш номинация бойынша анықтады – үздік мақала, телевизиялық бағдарлама және интернет медиа - ресурстардағы жарияланым. Ол 41-ден астам газет мақалалары мен телебағдарламаларын қарастырды. Олардың барлығы мемлекеттік тілді қолдану саласындағы өзекті мәселелерге арналған.
"Үздік мақала" номинациясында облыстық "Арқа ажары" газетінің журналисті Серік Жетпісқалиевтің қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесі туралы материалдары жеңімпаз атанды. "Үздік телебағдарлама" номинациясында облыстық "Көкше" телеарнасының редакторы Гүлмира Аманбаева бірінші орынға ие болды. Студияда ол қызықты сұхбаттасушылармен кездеседі және қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді мемлекеттік тілде талқылайды.
Жаңалық порталдарының ішіндегі ең үздік материал " BAQ.KZ" АА меншікті тілшісі Әсем Құлжанованың мақаласы болды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.