Ақмола облысында "Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Ақмола облысында "Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Көкшетауда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған "Мемлекеттік тіл және БАҚ" облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл шығармашылық байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен 19 баспа және телеарна журналистері қатысты.

Іс-шараны ашқан ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова жыл сайынғы конкурстың өткізілуі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контентті ұлғайту жөніндегі саясатты ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.

"Мемлекеттік тіл және БАҚ" байқауы - қазақстандықтардың тіл мәдениетін тәрбиелеуге және мемлекеттік тілді танымал етуге өз үлесін қосатын журналистерді анықтаудың тамаша мүмкіндігі", - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.

Қазылар алқасы құрамына журналистика ардагерлері кірді. Жеңімпаздарды үш номинация бойынша анықтады – үздік мақала, телевизиялық бағдарлама және интернет медиа - ресурстардағы жарияланым. Ол 41-ден астам газет мақалалары мен телебағдарламаларын қарастырды. Олардың барлығы мемлекеттік тілді қолдану саласындағы өзекті мәселелерге арналған.

"Үздік мақала" номинациясында облыстық "Арқа ажары"  газетінің журналисті Серік Жетпісқалиевтің қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесі туралы материалдары жеңімпаз атанды. "Үздік телебағдарлама" номинациясында облыстық "Көкше" телеарнасының редакторы Гүлмира Аманбаева бірінші орынға ие болды. Студияда ол қызықты сұхбаттасушылармен кездеседі және қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді мемлекеттік тілде талқылайды.

Жаңалық порталдарының ішіндегі ең үздік материал " BAQ.KZ" АА меншікті тілшісі  Әсем Құлжанованың мақаласы болды.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста