Ақмола облысында екі жасар бала дәретхана шұңқырына құлап мерт болды
Ақмола облысында екі жасар бала ауладағы дәретхана шұңқырына құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 маусымда сағат 23.30 шамасында болған.
«Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті. Қайғылы оқиға туралы хабарлаған әйел екі жасар ұлының жеке үй ауласындағы кәріз шұңқырына құлап кеткен», - делінген ПД хабарламасында.
Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Баланың ес жимастан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу