Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз қаңғыбаспен бірге қашып кеткен
Ақмола облысында баспанасыз адаммен қашып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Полиция департаментіне сілтеме беріп.
9-сынып оқушысын 20 қыркүйектен бері қарай іздеп келген. Ол күндіз үйінен шығып, жоғалып кеткен.
Полиция К. есімді жоғалған қыз нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ (қаңғыбас) адаммен Мамедов Наурызбай Асылбекұлымен бірге болуы мүмкін екендігін анықтаған.
"22 қыркүйек күні сағат 21:30-да жедел-іздестіру іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз кеткен К.-ның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына берілді. Жасөспірімге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалып-жасалмағанына қатысты тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады ПД.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу