Апатқа ұшыраған шекарашылар марапатталды

Апатқа ұшыраған шекарашылар марапатталды

Шымкенттің Абай саябағында қаралы митинг өтті. Оған ҚР ҰҚК төрағасы Аманкелді Шабдарбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҰҚК-нің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшылары мен әскери борышын өтеу барысында Өгем шатқалында апатқа ұшыраған қызметкерлердің ағайын-туыстары қатысты.

Өгем шатқалында ажалына жолыққан 10 шекарашы мен ғайыптан аман қалған 3 қызметкердің Отан қорғау жолындағы ерліктері ескеріліп, барлығы да орден, медальдармен марапатталды. Бұл жөніндегі Жарлыққа Елбасы қазанның 5-күні қол қойды. ҚР ҰҚК төрағасы Аманкелді Шабдарбаев экипажда болған барлық қызметкерлерге жоғары марапат жасады. Ол өз сөзінде қайғылы аяқталған бұл көріністің өз қызметін қалтқысыз орындаудағы нағыз патриотизмнің, ұлттық шекараны нығайтудағы батылдықтың үлгісі болғанын атап өтті.

Отан алдындағы міндетін орындауда сәтсіздікке ұшыраған офицерлер екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталса, әскери қызметкерлер мен тікұшақ экипажындағыларға «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі бұйырды. Шейіт болғандардың марапаты олардың жақын туыстарына табыс етілді. Сондай-ақ отбасы мүшелеріне қаржылай көмек көрсетілді.

– Марқұм болғандарды жерлеу мен экспертиза жүргізу жұмыстарына Үкімет тарапынан әрқайсысына бір миллион теңгеден қаржы жұмсалған-ды. Бұдан бөлек олардың отбасы мүшелеріне бір миллион теңгеден таратылып берілді. Бұл қаражат ҰҚК қызметкерлерінің бір күндік жалақыларын аударуынан жиналды. Алдағы уақытта тағы да компенсация төленіп, марқұм болғандардың отбасыларының әлеуметтік ахуалы, оның ішінде баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де шешілетін болады. Бірде-бір қызметкер, олардың отбасылары назардан тыс қалмайды, – деді ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.

Арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия мүшелерінің айтуынша, тікұшақтың апатқа ұшырауына экипаж мүшелері себеп болмаған. Олар барлығын да дұрыс атқарған. Әрине, соңғы қорытындыны айтуға әлі ертерек, дегенмен апатқа табиғат жағдайлары себеп болған көрінеді. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Митинг барысында шейіт болған шекарашылардың ерлігін еске салатын болашақ ескерткіштің алғашқы тасы қаланды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста