Антикор Алматы мектептерінің біріндегі ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді

Антикор Алматы мектептерінің біріндегі ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді

Антикор №159 алматылық гимназиядағы ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 159 гимназия әкімшілігі мектептің жөндеу жұмыстарынан ата-аналардан ақша жинағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім басқармасымен бірлесіп егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін комиссия құруға бастамашы бола отырып, аталған жазбаға қатысты түсініктеме берді. 

«Ақша жинау фактісі бойынша бірнеше ата-ана мектеп әкімшілігін хабардар етпестен, кеңсе жиһазын жаңарту және орындықтарды жөндеу үшін өзге ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырғаны анықталды», - деп хабарлады Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Комиссия ата-аналармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, 114 мың теңге көлеміндегі ақша ата-аналарға қайтарылып берілді. Ал гимназия директорына қатысты бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шаралар қабылданды.

«Тексеру барысында мектеп жыл сайын бюджет қаражаты есебінен жөнделетіні анықталды, биыл мектепті жөндеуге бюджеттен 15 млн теңге қарастырылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта байқау өткізіліп, қызмет көрсетуші фирма анықталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста