«Анаға құрмет» музейі топ жарды

«Анаға құрмет» музейі топ жарды

Алматы облыстық әкімдігінің үлкен залында ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Алматы облысының әкімі Амандық Батталов Жетісу өңірінен жиналған бірнеше азаматы «Қазақстан Конституцияна - 25» мерекелік медалімен марапатады. Сондай-ақ, Жетісудың төрінде өткен мерекелік жиында Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейі «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясының жеңімпазы атанды.

Ата Заңымыздың ширек ғасырлық тарихына арналған «Қазақстан Конституцияна – 25 жыл» мерекелік медалі Алматы облысының түкпір-түкпірінде әр түрлі салада қызмет етіп жүрген 650-ден аса адамға бұйырды. Олардың қатарында қарапайым еңбек адамдары бар. Аталған мерекелік жиында Жетісудың мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан өнер иелері де облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының қолынан медал алып, марқайып қалды. Атап айтқанда, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директорының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Ғалия Темірбаева мен осы театрдың актері «Құрмет» орденінің иегері, Серік Нұрхалық және тағы басқа мәдениет саласында қызмет етіп жүргендер медалді болса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Әлихан Ыдырышева «Алматы облысының Құрметті азаматты» атанды.

Осылайша, бірі медал тағып, енді бірі атақ алып абыр-сабыр болып мерекелік күңіл күй қызған шақта, Алматы облысының әкімі Амандық Батталов Жетісу өңіріндегі жас музейлердің бірі «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Аршагүл Тойбаеваның қолына «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» дипломы мен қызметтік жеңіл көліктің кілтін табыс етті.

Жалпы Жетісу жерінде жиырма бес музей бар десек, соның ішінде «Анаға құрмет» музейі жаңа мәдени орындардың бірі. Өткен жылы өзінің бес жылдығын халықаралық деңгейде атап өткен «Анаға құрмет» музейі соңғы жылдары көш басында келеді. Мәселен, өткен жылы 20-шы орыннан II-ші орынға көтерілген «Анаға құрмет» музейі осы жолы I-ші орын тұғырынан көрінді. Музей қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өскелең ұрпаққа насихаттау, түсіндіру жолында біраз шаруаның басын қайырып, Қарасай ауданына қарасты қырық тоғыз мектептің оқушыларына тоғыз түрлі тақырыпта лекция оқып, оған қоса алыс-жақын аудандардың мектеп оқушыларына рухни тақырыпта дәрістер, экскурциялар ұйымдастырып белсенділік танытып келеді.

Өткен жылы Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойында «Анаға құрмет» музейі «Даланың дана арулары» атты халықаралық фестивал өткізіп көзге түскен еді. Бір емес, жеті бірдей тақырып қамтылған фестиваль 2019 жылы облыс аумағында ұйымдастырылған мәдени шаралардың ішіндегі ауқымдысы болды. Фестиваль аясында алғаш рет «Қоянкөз» тарихи драмасы

сахналанып, музей меңгерушісі А.Тойбаеваның «Даланың дана арулары» атты кітабының тұсауы келсілді. Тізе берсек, бүгінгі күнге дейін «Анаға құрмет» музейінде атқарылған мәдени іс-шаралар жетіп артылады.

Өз кезегінде «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Аршагүл Серікқызы: -«...Еңбегімізді елеп, жоғары бағалаған Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлына, Алматы облыстық мәдениет басқармасына алғысымызды білдіремін. Бұл біздің атқамінер азаматтарымыздың өнерге, тарихқа, анаға деген құрметі, жанашырлығы деп білем. Өздеріңіз білесіздер, жерұйық Жетісу жеріндегі «Анаға құрмет» музейі республика көлемінде ғана емес, ТМД бойынша ерекше музей. Сондықтан «Анаға құрмет» музейінің топ жаруы жетісу өңіріне ортақ жеңісі деп есептеймін. Әрине, үздіктердің қатарына іліну оңай емес. Бұл біздің ұжымның соңғы жылдардағы тынымсыз еңбегіне берілген баға. Алайда, мұнымен тоқмейілсуге болмайды. Бұл бізге деген сенім ғана жауапкершілік жүгі екенін түсінемін. Келешекте де алдыңғы қатарда болуға ұмтылып, еліміздің рухани қазынасын молайтуға қызмет ететін боламыз» - деп бүгінгі қалыптасқан жағдайға қарамастан, тығырықтан шығар жол тауып, мәдениет саласында тер төгіп жүрген әріптестерінің барлығының еңбектері елеуге тұрарлық екенін атап өтті.

Кәмила ЫСҚАҚ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста