Аң деп ойлап, адамды атқан. Қылмыстық іске қатысы бар полиция қызметкері сотталды

Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Қабай Әлтеев қызметтегі әрекетсіздігі үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
Естеріңізге сала кетсек, былтыр 11 шілде күні далада жалғыз өзі жидек теріп жүрген әйелді аңшы елік деп ойлап қалған. Оқ Алтынай Мұздақбаеваның оң жақ иығына тиген. Көп қан жоғалтқан ол аудандық аурханаға бара жатқанда көз жұмған. Оқиға орнында болған учаскелік инспектор еш әрекет жасамаған.

Аталған іс бойынша басты күдікті ретінде станция тұрғыны, зейнеткер Сергей Лосеня тіркелді. Ол бар кінәні бірден өз мойнына алған. Мамлют аудандық соты абайсызда адам өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру дерегі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам оптикалық көздеуіші бар иір ойықты спорттық-аңшылық қаруды және 5,6 мм калибрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтап келген. Сондай-ақ, зардап шеккен тарапқа 3 млн теңге моральдық шығынның орнын толтырды.

Араға екі күн салып полиция қызметкеріне қатысты үкім шықты. Прокурор сотталушыға 6 жылға жаза кесуді сұрады. Экс-полицей өз кінәсін мойындамады. Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, жазба материалдарымен дәлелденді.

Аудандық сот учаскелік инспектордың кішкентай балаларының бар екенін және зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсеткенін ескеріп, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және полиция майоры арнайы шенінен айырылды.

Соттың үкімі  заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста