Америкалық журналист: "Бозжырадағы құрылыс - қазақ халқына қарсы қылмыс"

Деректі фильм түсіретін америкалық журналист, жазушы, National Geographic ғылыми қоғамының мүшесі Пол Салопек Маңғыстаудың Бозжыра шатқалындағы құрылысты қазақ халқына қарсы жасалған қылмыс деп атады. Оның пікірі adamdar.ca сайтында жарияланды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.  

Салопек шатқалдағы құрылысты экологиялық жағынан да, тарихи тұрғыдан да дұрыс ойластырылмаған және қауіпті деп санайды.

"2016 жылы маған Бозжыраның жанынан - Батыс Қазақстанның шалғайдағы, биік ақ жартастарынан жаяу жүру бақыты бұйырды. Шынында да, бұл - жер бетінде сақталған табиғи сұлулықтың ұлы ғибадатханаларының бірі. Ашкөз коммерциялық құрылыс салушылар одан тез пайда табу үшін көздейді. Бұл ерекше табиғи мұраның қамқоршысы ретінде қазақ халқына қарсы қылмыс қана емес, сонымен қатар осы жерді мекендейтін жойылып кету қаупі бар тау қошқарлары мен бөкендерге ауыр соққы болады. Дұрыс ойластырылмаған жоба әлемдік маңызы бар ландшафттарға шабуыл деуге болады. Бұған көз жұмып қара алмаймыз", - деп жазды Пулитцер сыйлығының екі рет лауреаты атанған журналист.

Еске салайық, 2020 жылғы 7 қарашада Желіде Бозжыра шатқалында құрылыс техникасы әкелінгені түсірілген видео жарияланды. Сол күні Маңғыстау облысында Rixos Water World Aktau қонақүйін салған инвесторлар облыс территориясында "Бозжыра сафари-отель" бутик-қонақүйін салуды ұсынғаны белгілі болды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегілер Бозжырадағы нысанның құрылысы заңға сәйкес қоғамдық талқылаудан, экологиялық сараптамадан, қоршаған ортаға әсерінің бағалауынан өтуі керек екенін айтты. 

Сарапшылар Бозжыра шатқалында құрылысқа тыйым салудың алты себебін атады. 

10 қарашада шатқалдан құрылыс техникасы шығарылған.

Ақбота Нысанбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста