Аузына алтын тіс салдырған қазақстандықтар шекарадан өтер кезде бірқатар проблемалармен бетпе-бет келуі мүмкін деп жазады "Мегаполис".
Бұдан былай шекарадан құрамында алтыны бар зат алып өтуге уақытша болмайды. Бұл тыйым 2015 жылдың соңына дейін салынып отыр және одан кейін де мерзімі ұзартылуы мүмкін. Құрамында алтыны бар деген ұғымның мағынасы кең. Оның қатарына тек алтын шикізаты емес, алтын сынықтары, алтыннан жасалған заттар да жатады.
Демек, шекарадан алып өтуге тыйым салынған заттар қатарына кәдімгі алтын тіс, әшекей бұйымдар да кіруі ғажап емес.