Алматы және Жамбыл облыстарындағы таулардың етегіндегі өзендерде жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты 25 наурызда су тасқыны болуы мүмкін,- деп хабарлайды Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
«Қаланың тұрғындары, қонақтары мен туристерінен таулы жерлерге шығудан бас тартып, төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануды сұраймыз», - делінген хабарламада.