Күздің алғашқы айында оңтүстіке астаналық жұмыс берушілер 1,7 млрд теңгеден астам медициналық сақтандыру жарнасын аударған. Жалпы, төлемдер қабылдау басталғалы бері Алматы қаласы бойынша Медициналық сақтандыру қорына 22,3 млрд теңге түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Айтуынша, республика бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 105 млрд теңгеге жеткен. Оның қомақты бөлігі яғни, 21,2 пайызы алматылықтарға тиесілі. Екінші орында – Астана қаласы (12,6%), үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2%) тұр.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2017 жылдың 1 шілдесінде іске қосылған болатын. Жарнаны алғашқылардың бірі болып жеке кәсіпкерлер, жұмыс берушілер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар төлеуге кіріскен-ді. Алайда, жарты жылдан кейін жүйені енгізу мерзімі 2020 жылға шегерілді. Жұмыс берушілерден басқа санаттар жарна төлеу міндетінен босатылды.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
Алматылықтар сақтандыру қорына 22,3 млрд теңге жарна аударды
Последние статьи автора