Алматылық зейнеткер немересін нағашы атасы мен жездесі қорлап келгенін айтып ашынды

Алматылық зейнеткер кәмелетке толмаған немересін қорлап келген күдіктілердің жазалануын талап етеді. Ең сорақысы Айжан Әмірсанқызының “немеремді қорлады” деп айыптап отырған адамдары – қаршадай қыздың жездесі мен нағашы атасы. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал, жәбірленуші тарап енді олар жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені, тергеу түлкібұлаңға салынып кеткен көрінеді.

Қыстыңгүні көмірқораға зорлап, қолын артына байлаған күйі тоғыздан асқан жасында тастап кеткен.

Айжан Әмірсанқызы қайтыс болған ұлынан қалған немересінің басынан өткен сұмдықты айтып отыр. Айтуынша, немересі 2014 жылы киімдері салынған сөмкесімен әжесінің үйіне қашып келген көрінеді. Денесінде көгерген іздер болған. Бірақ қаршадай қыздың қорлық көргенін гинекологтың алдына барғанда бірақ білдік дейді. Қыз баланың қаршадай денесіне жамап алған сан ауруының диагнозын да сонда білген.

“Үш ай ауырды ғой, алғаш етеккірі келгенде, іші сарысуға толып кетті жатыры. Киста, эндометриоз. Загип матки, төрт бірдей диагноз”, – дейді жәбірленуші қыздың әжесі Айжан Әмірсанқызы.

Келініме хабарлассам, “өз қызының өтірік айтатынын” айтып, бұл сұмдықты жоққа шығарды. Бірақ “ауруханаға жатып қалсаңыз, қызды бірге алып жатыңыз, еркек атаулыға сенбеймін” деген. Келінінің бұл сөзінен күдіктенген зейнеткер, немересін тағы сөзге тартса, ол нағашы атасының да өзіне қол жүгіртетінін айтқан. Қызымның әлі жетіліп үлгермеген төсіне қолын салып, тиісіп жүргенін естігенде, есімнен танып қала жаздадым, – дейді Айжан Әмірсанқызы.

“Атасы мазақ қылған ғой немеремді. Кухняға кірме, тамақ ішпейсің онда деп, сонша не болды аң болып кетті ме? Адамның екі аяқты ит, үш күн жыладым келердің алдында. Өлімнен ұят күшті деп. Бірақ ұятты белге будым”, – дейді жәбірленуші қыздың әжесі Айжан Әмірсанқызы.

Айжан апай екінші топтағы мүгедек. Денсаулығым жиі сыр берсе де, немереме қорлық көрсеткендер жазасын алуы үшін, істі ақырына дейін жеткізгім келеді дейді. 2015 жылы заңгердің көмегіне жүгініп, полицияға арызданады. Қажетті сараптамалық тексерулердің бәрінен өттік. Бірақ қылмыс болған күннен бері біршама уақыт өткендіктен, кінәлілерді жазаға тарта алмай жүрміз дейді.

“Тоғыз ай Түркісіб Ровдысында, жеті ай ішкі істер департаментінде бола отырып, нақты тергеу жүрді деп айта алмаймын”, – дейді заңгер Камиша Есмұхамбетқызы.

Ішкі істер министрінің өз бақылауына алып, кәмелетке толмаған қыздың болашағы үшін, әділдікті орнатуын талап етеміз.

“Алматы қаласының ІІД өндірісінде. Екі сараптаманың арасында үш ай бар. Қайткенде де екі сараптаманың нәтижелері есепке алына отырып, тиісті шаралар жасалады”, – Салтана Әзірбек.

“Сондай ақ жәбіренуші қыздың әжесі күдіктінің бұған дейін дәл осындай фактімен істі болғанын айтады”, – дейді тілші Ирина Советжанқызы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста