Алматыдағы көрмеге лейкоз және гемофилияға шалдыққан балалардың еңбектері қойылды

 Алматыда "Арман" деген атаумен өткен көрмеге лейкоз және гемофилияға шалдыққан балалардың еңбектері қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол балалар суретші Марат Бекеев пен мүсінші Эдуард Казарянның шеберлік-сыныбына қатысқан. Белгілі шеберлердің жетекшілігімен балалар қолдарына қарындаш, бояу алып, қағазға өздерінің армандарын сурет қылып салды. Әр баланың өз арманы бар: бірі елдегі бейбітшілік пен тыныштықты армандайды, енді бірі ата-анасының тамаша үйі болса екен дейді, тағы біреуі ғарыш кемесінде ұшсам деп қиялдайды.

Мұндай шеберлік-сыныптары ең алдымен кішкентай науқастарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған және медицинада арт-терапияның пайдасы бар екені жиі айтылады. "Арт-терапия қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеуде бұрыннан қолданылады. Алайда арт-терапияның тапсырмалары науқасқа күш түсірмейтіндей өте жеңіл болғаны жөн. Өзінің сезімдерін қағазға түсіру арқылы бала аз уақытқа болса да ауруы туралы ұмытады, көңіл-күйі көтеріліп, біраз жеңілдейді", - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Сүрия Есентаева.

Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын 15 жасқа дейінгі балалардың 350-400-і қатерлі ісікке шалдығады. 2011 жылы есепте 1289 бала тұрған, 284 бала гемофилиямен ауырады.

"Гемофилиямен ауыратын бала шыны тәріздес болады. Кішкентайынан оларға жүгіруге, секіруге, белсеніп ойнауға болмайды. Ата-аналары оларды кез келген жарақаттан сақтандыруға тырысады. Мұндай балалардың жанына бататын ауру, қанының ұйымайтындығы, ылғи қанды қоюлататын инъекциялар қабылдауы олардың қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Міне, осындай балаларға да арт-терпаияның пайдасы орасан", - дейді "Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедек балалар ассоциациясының" президенті Тамара Рыбалова.

Айта кетейік, бұл әлеуметтік бағдарлама 2013 жылы Эдуард Казарянның шеберханасында бастау алды. Көрме ең алғаш рет Алматыда 2010 жылдың қазан айында өткізілген. Кейіннен балалардың түрлі тақырыпта салынған суреттері Монакада көрсетілді. Қазіргі таңда балалардың жұмыстарын "Арман" кинотеатрының фойесінен көруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста