Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігінде ыстық су өшірілетін болды. Бұл туралы «Алматы жыл жүйесі» ЖШС-і хабарлады.
Шілденің 26-сы мен тамыздың 18 аралығында жылыту қазандығындағы жөндеу жұмыстарға байланысты Жетісу ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға ыстық су беру тоқтайды. Су болмайтын аумақ мына көшелер аумағында: Первомайская нефтебаза – Геологов көшесі және «Көкжиек» шағын ауданында,-делінген хабарламада.
Мекеме тұрғындарды уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауға шақырады.