Алматыда жер сілкінді

Алматы облысында қуаты Рихтер шкаласы бойынша 4,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл – елімізде биыл болған алғашқы ірі сейсмикалық құбылыс.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекованың хабарлауынша, департаменттің құтқару қызметі жерасты дүмпулері жергілікті уақыт 16.19-да байқалғанын тіркеген. Алматы қаласы аумағында жер сілкінісінің күші MSK шкаласы бойынша 2-3 балл болған. Мамандардың мәліметінше, оның эпицентрі – Қапшағай суқоймасының солтүстік жағалауында және қуаты Рихтер шкаласы бойынша 4,6 балға жетіпті. Жер сілкінісінің өңір тұрғындары мен түрлі нысандарға әсері бола қоймаған. Әдетте ірі сейсмикалық құбылыстардың ошағы негізінен Қырғызстан аумағында болатын. Бұл жолы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 117 шақырымда-ақ тіркеліп отыр. Сейсмологтардың болжамы бойынша, мұндай жер сілкінісі алдағы тәуліктерде қайталанбайды. Мамандар Алматы болжам полигоны аумағында таяу күндері жерасты дүмпулері байқала қалған күннің өзінде, оның магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 5,5 балдан аспайды деп сендіреді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста