Алматыда жаңажылдық шырша мен безендіруге қанша қаржы бөлінді

Алматыда жаңажылдық шырша мен безендіруге қанша қаржы бөлінді

Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты бюджет бекітілген шекте қысқартылды. Сондықтан екінші жыл қатарынан қаланы мерекелік безендіруге, сондай-ақ мәдени іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығындар қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық әкімідіктің мәліметінше, биыл негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциясымен күресуге бағытталды. Осыған байланысты мегаполистегі жаңажылдық безендіру қарапайым болды.

 

«Дәстүрлі түрде қаланың бас шыршасы ҚБТУ маңындағы «Астана» алаңында орнатылады. Сонымен қатар, инсталляциялар қаланың 8 ауданында – орталық көшелерде, аудан әкімдіктерінің маңында, жаяу жүргіншілер аймақтарында орнатылды. Тұңғыш Президент саябағы, Республика сарайы мен Цирк алдындағы алаң, Панфилов көшесі мен Сауранбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы, «Алматы Арена», «Халық Арена» спорт кешендері, Ғабит Мүсірепов және Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңы мерекеге сай безендірілді»,- деп хабарлады әкімдіктен.

 

Қаланың барлық ауданында шырша мен фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ, өткен жылғы шағын сәулет нысандары қолданылады.

 

«Алматыда жаңа жылдық безендіруге бөлінген 224 000 000 теңгені тендер арқылы «Clover Media Group» компаниясы жеңіп алды. Бұл сомаға көшелерді жаңа жылдық безендіру мен орнату және демонтаж ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар кіреді. Қосымша құн салығын қоса алғанда – 24 млн теңгеден астам»,- делінген хабарламада.

 

Келісім шарт аясында шыршалар, шағын архитектуралық пішіндер, фотоаймақтар орнатылды. Қала көшелеріне барлығы 100-ден астам нысан дайындалып, орнатылды.

 

Бұған дейін Алматыда Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу болмайтыны туралы хабарланған болатын.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста