Алматыдағы Саин көшесін ұзарту жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жайында қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Алматы әкімінің айтуынша, 2024 жылдың II тоқсанында Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық салу көзделген.
«Соның нәтижесінде қаланың негізгі магистралды көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінде, сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды», - деді Ерболат Досаев.
Бұдан бөлек, Алатау ауданындағы 60 көше жөнделеді. Бұл жұмыстарға 250 млн теңге бөлінді.
Жұмыс қараша айында аяқталады.