Алматы полициясы самокатқа жалаңаш мініп, видео түсірген адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, киімсіз самокат тепкен ерлі-зайыптылар қамауға алынды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы қаласының жолдарында киімсіз жүрген 1997 жылы туған азамат М. мен 2003 жылы туған азамат Г.-ға қатысты сот отырысы өтті.
"Бостандық ауданының полиция бөлімімен құқық бұзушылар анықталып, ұсталып, олардың әдепсіз әрекеттері ҚІЖК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша сарапталған. Жастардың әрқайсысына 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар,"Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі 1994 жылы туған азамат К.-ға қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылғанын айта кетейік. Оның көлігінен азаматша А. жалаңаш адамды видеоға түсірген", - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Ержан Ұзабаев.
Атышулы видеоға қатысушылар жұртшылықтан кешірім сұрады.
"Қоғамнан кешірім сұраймын, оның салдары туралы ойлаған жоқпыз, істегеніме өкінемін, барша жұртшылықтан кешірім сұраймын", - деді жігіт видео үндеуінде.
"Мен өз әрекетім үшін жұртшылықтан кешірім сұраймын және өз кінәмді мойындаймын. Ақымақтық жасап, салдарын ойламадық. Бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды", - деп өкінді бойжеткен.