Алматыда үш адамның субұрқақ маңында тоққа түсуі: Қала әкімдігі пікір білдірді
Алматыдағы субұрқақта үш адамды тоқ соқты. Оқиға бойынша қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Оқиға болған күні субұрқақ қалыпты режимде жұмыс істеген. Күннің бірінші жартысында кезекші техникалық маман бірнеше рет субұрқақ тостағын тазалап, жұмыс істеп тұрған субұрқақтың ішіндегі қондырмасын (ағындарды) реттеу бойынша жұмыс істеген, бұл аталған оқиға болғанға дейін субұрқақ жабдығының тұтастығы мен қауіпсіздігін растайды",- делінген Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының хабарламасында.
Алдағы уақытта субурқаққа тексеру жұмыстары жүргізіледі.
"20 маусым күні Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы, ШЖҚ "Алматықалажарық" МКК және "Эко Алматы" ЖШС өкілдерінің қатысуымен субұрқаққа барып, бірлескен тексеру және зерттеу жүргізілді. Оның барысында субұрқақ жабдығының жұмысындағы ақауды растайтын техникалық бұзушылықтар анықталмады",- делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді.