Екінші деңгейлі банктердің әлеуметтік аз қамтылған клиенттері жалғыз баспанасынан шығарылмайтын болды.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Осылайша агенттікпен бірлесе Алматы қаласының әкімдігі, банктер мен қоғамдық бірлестіктер тұрмысы төмен отбасыларды ипотека қарызы үшін үйінен айырмау туралы меморандумға қол қойды. Бірақ өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы құжат күшінің мерзімі 1 жыл. Кейін бұл бастама бүкіл республиканы қамтиды деп күтіледі.