Алматыда тағы бір көшеде автобустарға арналған жолақ пайда болды

Алматыда қоғамдық көлікке арналған тағы бір арнайы жолақ пайда болды.Ол қайта жаңартылған Солтүстік айналма жолына төселіп, бүгін қолданысқа берілді. Бұл туралы AlmatyNews АА-нің тілшісі хабарлайды.

Арнайы жолақтың ұзындығы 1,9 шақырымды құрайды. Ол Москвина көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа сүрлеу Абай даңғылындағы секілді сары сызықпен емес, бетонмен қоршалып бөлінген.

Осылайша жаңартылған Солтүстік айналма көшесінің енді жүретін жақ ені 40 метр, бірнеше жолаққа бөлінген. Олар автобустарға арналған екі жолақ, көлік тұрағы мен базарларға кіруге арналған екі жолақты сызық, сондай-ақ транзиттік транспорттардың тез қозғалысына арналған екі жолақты сүрлеу. Жаяужол ені 2-4,5 метрді құрайды, тұрақ ауданы - 100 000 шаршы метр. Мұнда бес жерүсті және бір жерасты өткелі салынған.

«Біз қалалық автобустарға арналған арнайы бағыттық жолақ салдық. Мұнда басқа автобустардың тоқтауына тыйым салынған. Апат болған жағдайда көліктер еркін қимылдауы үшін кең жолақ жасадық. Онда бейнебақылау камералары орнатылып, жол ережесін бұзушыларға айыппұл салынбақ. Тәртіп болады»,- деді бүгінгі Алматыда жаңа жолдар және жолайрықтарға қатысты өткен баспасөз жиынында қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев.

Көтерме базарларды бойлай орналасқан жаңа ыңғайлы жолдар 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілмек. Солтүстік айналма жолды жаңғырту жұмыстары Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен межеленген мерзімнен бұрын бітті. Құрылыстың жалпы құны 2,3 млрд теңге.

Сонымен қатар, Солтүстік айналма көшесіндегі көлік кептелісін қысқарту мақсатында жол айрығының құрылысы жүріп жатыр.

Ал, шамамен «Сәлем» базарының оң жағынан қала маңындағы елді мекендерден келетін автобустарға арналған автобекет салу жоспарда бар.

«Бекет қала маңынан келіп қоятын 9 автобусқа есептелген. Сосын олар бұрылып, аялдамаға шығып, кесте бойынша жүреді. Яғни, аудандық автостансалар секілді жұмыс істейді»,- деді Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғабит Садырбаев.

Baq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста