Алматыда тағы 100-ге жуық «ақылды» бағдаршам іске қосылды

Алматыда 93 «ақылды» бағдаршам іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД әкімшілік полицияның мәліметіне сенсек, мегаполисте жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ЖҚБАЖ) жаңғыртудың, қайта құрудың және дамытудың бірінші кезеңі бойынша жұмыс аяқталып, жүйеге 93 бағдаршам қосылды.

«Қазіргі күні УПО ғимараттарын жөндеу жұмыстары аяқталды, қызметтік бөлме мен детекторлық зертхана жабдықталды, 93 бағдаршам нысанында Euro контроллерлер орнатылды. ЖҚБАЖ-ға 357 бағдаршамды қосу бойынша екінші кезеңдегі жұмыстар 2022 жылға жоспарланған. Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе нақты уақыт режимінде бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын, статистиканы есептеуді және көлік қозғалысы қарқындылығын талдауды, бейімделу режимінде кері санақ тақтасының жұмысын ескере отырып, қиылыстардағы қозғалысты реттеуді қамтамасыз етеді», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Екінші кезеңнің маңызды көрсеткіштері мынадай:

  • Көлік өткізу қабілетін арттыру - 18-20%
  • Жол жүру уақытын қысқарту - 15-25%
  • Жол бойындағы аялдамалар санының азаюы - 20-40%
  • Атмосфераға шығатын шығарындылар көлемін азайту - 7%
  • Жанармай шығынын азайту - 5-10%
  • Қоғамдық көлік қозғалысының кешігуін азайту - 20-60%.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста