Алматыда сот шешімімен бизнес-орталық сүрілетін болды

Алматыда сот шешімімен бизнес-орталық сүрілетін болды

Алматыда бизнес-орталық көптеген заң бұзушылықтар үшін сүрілетін болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Алматыда Қожанов көшесінің шығысындағы Экспериментальная көшесінің солтүстігінде орналасқан төрт қабатты әкімшілік ғимарат көптеген заңбұзушылықтар үшін бұзылады.

 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, нысан жобаның сараптамасынсыз салынған, сондай-ақ, бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелді.

 

«Сот талапты алғаш рет Бостандық аудандық сотына 2020 жылдың 6 наурызында жіберген. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, алайда, 3 жылдан астам уақыт бойы апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы жалғасты.

2021 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімінің ерікті түрде орындалуы туралы хабарлама жіберді, алайда, меншік иесі жер учаскесін сатты, осыған байланысты шешім орындалмай қайтарылды», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.

 

Кейін Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы жер учаскесін сатып-алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз беруге бастамашылық етеді.

 

 

2022 жылғы 27 қаңтардағы сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылды, Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.

 

Бұзу күні тағайындалған соң, сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасалды және үшінші тұлға бұзу туралы шешімге Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берді.

 

«Алматы қалалық сотының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды, бірақ кейін ол Жоғарғы сотта қаралды. Жоғарғы соттың қаулысымен кассациялық шағымды қараудан бас тартылды, содан кейін сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі.

Осылайша, нысанды мәжбүрлеп бұзу бүгін 26 шілдеде басталды», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста