Алматыда қар жауып, такси бағасы қымбаттап кетті

Алматыда қар жауып, такси бағасы қымбаттап кетті

Алғашқы қар алматылықтарды әбігерге салды. Қалаішілік таксилер бағасын шарықтатты.
Қар 3 қараша күні сағат 19.00-де қаланың солтүстік бөлігінен жауа бастады. Қалалық әкімдік берген мәлімет бойынша, қала ішінде 8 см, тау бөктеріндегі аудандарда – 10 см, таулы аймақта – 15 см-ге дейін қар түскен.
Осыған байланысты Алматы қалалық әкімдігіндегі жауапты орындар төмендегідей есептерін жариялады.
«Қар жауа бастағаннан бері 185 құм шашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. 4200 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды. Түнгі сағат 03.30-дан бастап қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Оған 517 бірлік арнайы техника, оның ішінде 173 құм шашқыш, 165 сыпырушы-жинау техникасы, 52 қар құрсаулаушы, 49 самосвал, 9 автогрейдер және 1400 жол жұмысшылары жұмылдырылды», – делінген Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы берген мәліметте.
Қала басшылығының айтуынша, аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау жөнінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Әкімдік жоғарыдай мәлімет бергенімен қала тұрғындарының әртүрлі әлеуметтік желілердегі наразылықтары жауапты орындардың айтқанымен сәйкес келмейді. Мысалы, бір алматылық қоғамдық көліктің қатынау арақашықтығы тым ұзап кеткенін, сол себепті такси шақыруға мәжбүр болғанын, осы сәтте таксилер де бағасын барынша шарықтатып жібергеніне ашуланды. Тіпті таксопарктердің сұраған бағасының да суретін жүктеді. Ол «Автобус интервалынан кешігіп, таңда мынадай тариф болды. 112-ден үш күннен бері тынымсыз ескерту хаты келсе де қоғамдық транспорт дайын болмай шықты», – деп жазды.
Енді бір тұрғын ауа райының қолайсыздығынан троллейбустардың электр сымдары үзіліп, жолда тұрып қалғандарын жазды.
«Жолдар тазартылмаған, троллейбустар Сайын көшесінде тоқ сымының үзілгенінен тоқтап тұр. Таксилер қымбаттады. Құрметті әкімдік өкілдері, айтыңызшы, әсіресе, қызметтік көлікпен жүретіндер, қарапайым қала тұрғындары қалай жүріп тұрады?», – дейді тағы бір қала тұрғыны.
Осы пікірлердің астына жауап берген қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының өкілі, «Қоғамдық көлік толығымен жолға шықты. Интервалдың ұзаруы жолдағы жағдайға байланысты», – деп жауап жазды.
Айта кетейік, Қазгидрометтің Алматы қаласына қатысты болжамы бойынша, бүгін күндіз тағы қар жауады. Өткен түнде ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендеді, бүгін күндіз 6 градусқа дейін аяз күтіледі.

Нұрболат Адырбек, 
Алматы

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста