Алматыда қала күнінің ең үздік символын жасаушыға 1 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Қалалық мәдениет басқармасы қаланың күніне орай байқау жариялады.
Байқауда кез келген адам бақ сынай алады. Өтінімдер қыркүйекке дейін қабылданады.
"Символ қаланың негізгі бет-бейнесіне айналады. Арт-нысанның авторы "I love Almaty" сөзін кез келген тілде жаза алады. Байқау жеңімпазы 1 млн теңге ұтып алады. 2, 3 орын иелері LED телевизор мен музыкалық аппаратураға ие болады", - делінген хабарламада.