Алматыда отандық QazVac вакцинасы таусылды
Алматы қаласының тұрғындары отандық QazVac вакцинасының жоқ екеніне шағымданды. Оқиғаны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Отандық вакцинаны салғызғысы келетін Алматы тұрғындары екпе пунктерінде QazVac вакцинасының жоқ екенін айтады. Олардың сөзінше, қазір қалада ресейлік Sputnik V және қытайлық HayatVac вакциналары ғана қолжетімді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі отандық вакцина таусылып жатқанын растады.
"Алматы қаласы бойынша отандық QazVac вакцинасы таусылуда. Отандық вакцинаның бірқатар дозасы 1-2 аптаның ішінде Алматыға жеткізіледі. Қалада вакцинаның 7-8 дозасы ғана қалған", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу