Алматыда мереке кезінде гүл сатқан саудагерлер көшені қоқысқа толтырған

Алматыда мереке кезінде гүл сатқан саудагерлер көшені қоқысқа толтырған

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында гүл сатқан саудагерлер Алматы қаласын қоқысқа толтырып кеткен. Тіптен олар гүл орайтын қағазды да көшеге шашып кеткен. Салдарынан көше бойы жүргізушілерге де,  жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық тудырған. 7-8 наурызда бүкіл қала бойынша гүл сататын базарлар ұйымдастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Олардан кейін көгалдарда, аркаларда қоқыс үйінділері пайда болды. Түнгі кезеңде және 9 наурыз күні таңертең қалалық қызметтердің барлық күштері қала аумағын тазарту жөніндегі тікелей міндеттерін орындаудың орнына стихиялық сауда орындарын тазартуға және осы учаскелерді санитарлық нормаларға сәйкес келтіруге бағытталды.Осыған байланысты алматылықтарға жүгінгіміз келеді! Біздің коммуналдық көріктендіру қызметшілері қаланы таза ұстауға тырысады, ал немқұрайлы қала тұрғындары оларға жұмыс қосады. Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жұмыстардан немесе саудадан кейін, арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді сұраймыз»,- деді қала әкімдігінің бапасөз қызметі.
Гүлдің қалдықтары мен қоқыс қаланың барлық аумағына шашылған.Көріктендіру ережелерін сақтамағаны үшін құқық бұзушылар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алматы қалалық  коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қаланың астаң-кестеңін шығарған саудагерлердің қаншасын жауапқа тартқаны жайлы хабарламады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста