Алматыда мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Бүгін Абай атындағы ұлттық мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Министр еліміздің мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар өнер адамдарына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет» грамоталарын табыстады.

«Муз-Арт» тобының құрылғанына 20 жыл толуына орай, Ақтоты Райымқұлова топ мүшелеріне Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Айта кетейік, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Атаулы күн Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сай 2013 жылдан бастап тойланып келеді.

«Соңғы жылдары мәдениет саласындағы қызметкерлердің әл-ауқаты жақсарды, жалақы көтерілді, сала қызметкерлерін ынталандыру, яғни азаматтарымыздың лайықты өмірін қамтамасыз ету - жұмыстың басты басымдығы», - деді министр.

Сонымен қатар, Ақтоты Райымқұлова кітапхана, музей, мәдени-демалыс саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін қолдау және облыстық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Рухани Қазына-2021» IV фестивалі бүгін аяқталғанын атап өтті.

«Еліміздің 15 өңірінен 300-ден астам өтініш түсті. Ең үздік мемлекеттік, облыстық, аудандық, ауылдық маңызы бар музей, кітапхана, мәдени-демалыс ұйымдары қызметкерлеріне ақшалай сыйлық табысталады», - деді министр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста