Алматыда көшенің қақ ортасында тұрып, такси тоқтататындар жауапқа тартылуы мүмкін

Енді Алматыдан шыға берістегі жерлерде такси ұстаушыларды «Сергек» камералары бақылайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

 
Бұдан былай жолдағы қозғалысқа бөгет жасап, көшенің қақ ортасында тұрып такси тоқтататындар жауапқа тартылуы мүмкін. Оны қадағалайтын камералар 3 көшенің қиылысына орнатылмақ. Кептелістен көз ашпайтын кей көшелердің көрінісі әлі де аянышты халде. Қозғалысты шектеп, жолдың ортасына такси тоқтататындар көбінде қаланың шыға берістегі көшелерінде кездеседі.

«Адамдар жолға шығып алады. Такси ұстайды. Қаскелеңге, Ұзынағашқа кетеді. Такси ұстаған жағдайда жолға шығып, бір-біріне кедергі жасайды», – деді патрульдік полиция қызметінің аға-лейтенанты Ілияс Тұрабаев.
Бұдан былай таксиді тас жолдың ортасына шығып тоқтату қиындайды, өйткені жол қозғалысын шектеп, шектен шықсаңыз айыппұл арқалауыңыз әбден мүмкін.

«Оны құптамаймын өзім. Жаяу жүргіншілер қалай жүру керек сонда? Кішкене халықты да ойлау керек қой. Болмаса қоғамдық көлік жүргізсін. Ұзынағашқа автобус 2 сағат сайын жүреді. Кептеліс туындағанда 2 жолақ бар ғой, 3 жолақпен жүру керек пе міндетті түрде», – деді Алматы облысының тұрғыны Айдос Баянов.
«Дұрыс емес, халық не  істейді?  Үйіне  қайтуы керек. Басқа амалы жоқ», – деді қала тұрғыны Кенжебек Айсүйеров.

«Енді басқа таксиді қайдан ұстаймыз? Жолдан ұстамағанда. Кептеліс барлық жерде бар. Жұмысқа кешігіп қаламыз»,– деді қала тұрғыны Оралбай Сейітов.
Көпшіліктің бұл ойын құптамайтындар да бар. Қала тұрғындарының айтуынша, жол ортасына шығып, көлік қозғалысын қиындататындарды қадағалау дұрыс, «Сергек» камерасының көмегі көп.

«Қаскелеңге кететін тұрақтарда Төле би көшесіне шығып кетеді. Оныкі дұрыс емес. Камерамен тексерген дұрыс деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Райхан Жаманқараева.
«Әрине, дұрыс. Жеңіл көліктерге кедергі жасайды. Жүргізуші кінәлі болады», – деді такси жүргізушісі Айдын Қабылбеков.

Ал қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы эксперименталды жобаның жуырда жолға қойылатынын айтып отыр. Олардың айтуынша, кейбір азаматтар өз әрекеттерімен жолды тарылтып, кептелістің және төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғады.

«Азаматтардың жол ережесінің бұзу дерегі жиі орын алатын  Төле би даңғылымен, Момышұлы көшесінде, Райымбек даңғылымен Момышұлы, Райымбек пен Әшімов көшелерінің қиылысында «Сергек» бейнабақылау камералары орнатылатын болады. Ол жерде жолдың қақ ортасына шығып кетіп, өткен автокөліктерді қаладан шығып кету үшін тоқтатады», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
«Сергек» камераларының нақты қашан қойылатыны алдағы уақытта мәлім болады. Әзірге полиция қызметкерлері ол маңда тек түсіндерме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста