Алматыда көпқабатты үйде жезөкшелер қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 жезөкшенің «жұмыс орны» Самал шағын ауданындағы үйлердің біріндегі төрт бөлмелі пәтер болған.
“Еңбек тәртібін” әкімші бақылап отырды.
– Тексеру кезінде салонның барлық қызметкерлері жұмыс орындарында болды. Олар басқа жақтан келгендер, Алматыда тіркеулері болған жоқ. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына сәйкес шара қолданылды. Сонымен қатар онда сексуалдық притон жұмыс істейтінін анық біле тұра, пәтерді жалға берген үй иесі жауапқа тартылды. Үй иесінің әрекеті заң тілімен айтқанда жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру болып есептеледі, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.